
Chinese
6 жылдан астам
тәжірибе
Магистр / үздік
диплом
HSK емтиханына
дайындық
Балалармен және ересектермен жұмыс істеуде 6 жылдық тәжірибесі бар қытай тілі оқытушысы.
Менің білімім тілдер мен лингвистика саласымен байланысты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бакалавр дәрежесін алдым, кейін Тяньцзинь шет тілдер университетінде «Лингвистика / Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін иелендім.
Қытай тілін бастапқы деңгейден бастап оқытамын, сондай-ақ оқушыларды HSK халықаралық емтиханына дайындаймын.
Соңғы екі жыл бойы Қытайдағы жазғы тілдік лагерьге жетекшілік етіп, балаларды оқу барысында және мәдени-білім беру бағдарламасы кезінде сүйемелдеймін. Бұл тәжірибе маған тілді шынайы тілдік ортаға ену арқылы үйренудің қаншалықты тиімді екенін көруге мүмкіндік берді.
Менің мақсатым — тіл арқылы оқушыларды Қытайдың мәдениетімен, дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен және тарихымен таныстыру, елді және оның халқын тереңірек түсінуге көмектесу.